02
октябрь
2020
Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес
Қария - ағып жатқан дария, телегей теңіз іспеттес. Теңіздің тұнығы, дарияның тазалығы қандай болса, біз де өздеріңізді сондай деп білеміз. Ақсақал-әжелер - халықтың тұнып тұрған хаты. «Қарты бар елдің қазынасы бар» деген аталы сөз осыдан қалса керек-ті.
Ал үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз.
1- қазан қарттар күніне орай мектебіміздің ұстаздары ардагер апамыз Полякова Любовь Феоактистовнаны құттықтап қайтты.
Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!