26
октябрь
2020
Ұлы Абай – қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Ұлы Абайдың мұрасы - онда айтылмаған сөз, ашылмаған руханият сыры, сірә да, қалған жоқ. Дан
Ұлы Абай – қазақ халқының руханияты мен мәдениетінің символы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес.
Ұлы Абайдың мұрасы - онда айтылмаған сөз, ашылмаған руханият сыры, сірә да, қалған жоқ.
Данагөй кемеңгер ақынның асыл ой-танымды қара сөздерін азды-көпті тыңдауға салып, ағылшын тілінде көпке жеткізсек деп, ұлы ақынның мерейтойына үлес қоссақ деген ниетте Абайдың 175 жылдығына орай ағылшын тілі пәні әдіскері Erkebulan Ákimqojaulyның ұйымдастырумен ағылшын тілі пәні жас мамандарының қатысумен қара сөздерді ағылшын тілінде мәнерлеп оқу эстафетасы бүгіннен, 26 қазаннан бастау алды.
Абайды ағылшын тілінде сөйлеткен сайыпқыран жастарымыздың өнегелі істеріне бірге куә болыңыздар!