Мектебімізде қарттар күні мен ұстаздар мерекелік күнін тоғыстырып, ардагер ұстаздарымызды қонаққа шақырдық. » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде қарттар күні мен ұстаздар мерекелік күнін тоғыстырып, ардагер ұстаздарымызды қонаққа шақырдық.
15
октябрь
2022

Мектебімізде қарттар күні мен ұстаздар мерекелік күнін тоғыстырып, ардагер ұстаздарымызды қонаққа шақырдық.

Мектебімізде қарттар күні мен ұстаздар мерекелік күнін тоғыстырып,  ардагер ұстаздарымызды қонаққа шақырдық. 
Касенова Ғалия Жумахановна—математика пәнінің мұғалімі. 
Алсейтова Гулмайра Адильжановна—тарих пәнінің мұғалімі. 
Беделбекова Сапархан Какеновна—физика пәнінің мұғалімі. 
Бұл кісілердің білім саласына және біздің киелі білім шаңырағымыз №9 орта мектебінде аянбай еткен еңбектерін, төккен терлерін жоғары бағалаймыз. 
Ұстаздық жолында 40 жылдан аса еңбек өтілі бар ардагер ұстаздарымыз өз бейнетінің зейнетін көріп отырған ақ жаулықты әже. 
Игі шарада мектеп директоры Ж. М. Жунисова құттықтау сөз сөйлеп, өзінің жүрек жарды тілегін білдірді. 
Мұнан соң ардагер ұстаздар өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, ғибратты әңгімелерін айтты. Жас мұғалімдер мен оқушылардың сұрақтарына жауап берді. 
Оқушыларымыз бен жас мамандар қонақтарымызға мерекелік концерт ұйымдастырды. Ақ батасын алды. 
Шараны ұйымдастырған кітапхана меңгерушісі Саржанова Бакытгул Какеновна.