16
сентябрь
2024
ХАБАРЛАНДЫРУ "Тұрақты бос және уақытша бос лауазымдарға педагогтарды тағайындауға конкурс жарияланады"
КОНКУРС
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№9 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі келесі тұрақты бос және уақытша бос лауазымдарға педагогтарды тағайындауға конкурс жариялайды:Тұрақты бос лауазымдар:
- Орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі – жалпы 6,0 бірлік, 90 – сағат. Оның ішінде 1 – сыныпта 2,0 бірлік, 14 – сағаттан 28 – сағат, 2 – сыныпта 2,0 бірлік, 15 – сағаттан 30 – сағат, 3 – сыныпта 2,0 бірлік, 16 – сағаттан 32 – сағат;
- Орыс тілінде оқытатын математика пәнінің мұғалімі – 1,0 бірлік, 16 – сағат;
- Орыс сыныптарындағы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – 1,0 бірлік;
- Қазақ тілінде оқытатын мектепалды даярлық тобының мұғалімі – 1,0 бірлік, 15 – сағат;
- Орыс тілінде оқытатын информатика пәнінің мұғалімі – 0,6 бірлік, 10 – сағат;
- Педагог-дефектолог – 1,0 бірлік;
- Педагог-логопед – 1,0 бірлік;
- Әлеуметтік-педагог – 1,0 бірлік;
Лауазымдық жалақының мөлшері:
Еңбек сіңірген жылдарына, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты.
Конкурсты өткізу күні мен тәртібі: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығында бекітілген қағидаларға сәйкес айқындалады.
Конкурсты өткізу күні мен орны:
Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, 14 Б ғимарат мекенжайы бойынша 2024 жылдың 24 қыркүйек күні сағат 11.00-де өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі және қабылдау орны:
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2024 жылдың 16 – 23 қыркүйек күндері аралығында қабылданады! Құжаттарды мектептің электронды поштасына, және Enbek.kz сайтына түйіндемелеріңізді жолдай аласыздар.
Пошталық мекенжайы: индекс 040704, Алматы облысы, Іле ауданы, Байсерке ауылы, Бейбітшілік көшесі, 14 Б ғимараты, байланыс телефондары: жұмыс.: 8 (727)527-04-01, ұялы.: 87750392406, электронды пошта: Shkola_9@list.ru.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
Конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады.
- осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- қадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипатталарымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері (бар болса);
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог- модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кондидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордан немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) – 60-65 балл; болу керек;
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
- 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
- тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратылымдылығы – 720 x 480.
Осы Қағидалардың 154-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.
Байқаушының конкурс комиссиясының отырысына қатысуы:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.