Іс-шаралар » Страница 6 » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
23-сәуір –Халықаралық  кітап және авторлық құқық күніне орай «Әлемді кітаппен таны»
25
апрель
2022
23-сәуір –Халықаралық кітап және авторлық құқық күніне орай «Әлемді
23-сәуір –Халықаралық  кітап және авторлық құқық күніне орай «Әлемді кітаппен таны» деген атпен «Ашық есік күндері» аясында кітап апталығы болып өтті. Кітап апталығы «Келіңіздер, кітап оқиық!» атты кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханада  5 «Б» сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Кітапхананың тынысымен таныстыру, оқушылардың кітапханаға келуге қызығушылығын арттыру, кітапты сүюге тәрбиелеу.
Шахмат – логикалық ой-өріс
14
март
2022
Шахмат – логикалық ой-өріс
Мектебімізде шахматтан бір мезгілдік сеанс өткізілді. Бұл кездесудің ерекшелігі, ауыл ардагерлер арасында қызықты, тартысты ойын болды.   Шахмат – логикалық ой-өрісті өрбітетін спорт түрі. Шағын ғана тақта ойыншылар үшін көптеген айла-тәсілді орындайтын тартыс алаңы. Мұнда әр қадам байыппен орындалады.
Мектеп инспекторымен, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілді
14
февраль
2022
Мектеп инспекторымен, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын
Мектеп инспекторымен, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілді  
Дәуірдің жарық жұлдызы
09
февраль
2022
Дәуірдің жарық жұлдызы
Қазақ тіл білімінің негізін салушы, мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл толуына орай кітапханада «Дәуірдің жарық жұлдызы» тақырыбында 7 «Ә» сынып оқушыларымен танымдық сабақ өткізілді.  Ахмет Байтұрсынұлы – дарабоз дарын иесі, бір басында асыл қасиеттері тоғысқан ұлы тұлға . Білім нәрін сеуіп, оқу-ғылым жолын бағыттаған ұлы ағартушы-педагог, әдіскер-ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ширек ғасырға халық ғұмыры ұстаздыққа, бала оқытуға арналған. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен
Мектебімізде Бүкіл әлемдік сайлау күніне орай танымдық сабақ
07
февраль
2022
Мектебімізде Бүкіл әлемдік сайлау күніне орай танымдық сабақ
Мектебімізде Бүкіл әлемдік сайлау күніне орай танымдық сабақ өткізілді.  Тақырыбы:  Конституциялық таңдау және сайлау құқығы Танымдық сабаққа 10 сынып оқушылары қатысты.  Мақсаты:  Сайлау құқығына жалпы түсінік беріліп, сайлау құқығының қағидаларының  мәнін ашу, сайлаудың мемлекет өмірінде алатын орнын көрсету.
9 орта мектепте "МИФ" бірлестік апталығының ашылу салтанаты
06
февраль
2022
9 орта мектепте "МИФ" бірлестік апталығының ашылу салтанаты
9 орта мектепте "МИФ" бірлестік апталығының ашылу салтанаты өтті.  Тақырыбы: «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың математика , физика және информатика пәндері бойынша білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту  Апталықтың ашылуына 5,6,7,8,9,10,11 сынып оқушылары қатысты.
1 сынып оқушыларының "Әліппемен" қоштасуы
04
февраль
2022
1 сынып оқушыларының "Әліппемен" қоштасуы
Білім ордамызда 1 сынып оқушыларының "Әліппемен" қоштасу тәрбие сағаты өтті.  Әліппені  бітірді  балаларым, Әліппеден  нәр  алған  даналарым. Өзі жазып  оқитын  халге жетті. Құтты  болсын білімі  балалардың ! Балалардың  білімі  құтты  болсын ! Денсаулығы  ауырмайтын  мықты  болсын! Білімдерін  ары  қарай дамытатын Ерінбейтін  еңбекқор күшті болсын ! Өңкей  білгіш  балдырған Өсті  міне бойларың Құтты болсын  тойларың. Жетер жетістіктерің көп болсын, бүлдіршіндер!
"Әділ жеңіске жет"
03
февраль
2022
"Әділ жеңіске жет"
Білім ордамызда Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 2,3,4 сыныптар арасында "Әділ жеңіске жет" эстафеталық ойындар өтті.  Мақсаты 1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге шақыру салауатты өмір салтын қалыптастыру. Эстафеталық ойынға қызығушылығын арттыру. 2. Күш, жылдамдық, ептілік қасиеттерін дамыту.  Спорттық сайыстағы командалар осал болған жоқ. Бірінен-бірі өтеді. Өз қорқыныштарын жеңіп, әр кезеңде бірінші болып келуге барын салды. Мұндай жарыстар достар арасындағы қарым-қатынасты
09.06.2021 жылы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Байсерке округі бойынша кешкі рейд шарасы жүргізілді.
09
июнь
2021
09.06.2021 жылы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
09.06.2021 жылы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Байсерке округі бойынша кешкі рейд шарасы жүргізілді.  
"1 - маусым - Балаларды қорғау" күні
05
июнь
2021
"1 - маусым - Балаларды қорғау" күні
"1 - маусым - Балаларды қорғау" күні мерекесіне орай мектебімізде іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында мектеп оқушыларын мерекемен мектеп директоры Ж.М.Жунисова құттықтады. Сонымен қатар Іле ауданының маслихат  депутаты Н.Л.Түймелиев жылы лебізін білдіріп, балаларға арналған арнайы сыйлықтар ұсынылды.