Жас Ұлан » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
декабрь
2020

Жас Ұлан

Мектебімізде 16-желтоқсан Тәуелсіздік күні мерекесіне орай 5 сынып оқушылары "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылданды. Еліміздегі орын алған эпидемиологиялық жағдайға байланысты "Жас Ұлан" ұйымының қатарына қабылдау рәсімі онлайн форматта өткізілді.
Жалпы "Жас Ұлан" ұйымына 181 оқушы қабылданды. Ұйым қатарына қабылдау барысында ұйымның міндетті атрибутикалары қолданылды. 
Оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына кіре отырып, Қазақстан Республикасының патриоты болуға, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге, туған еліміз, жеріміз, Отанымызды мақтаныш етуге, ата-анамызды қадірлеп, үлкенге - құрмет, кішіге ізет көрсетуге, оқуда озат, еңбекте адал болуға, салауатты өмір салтын ұстануға, Тәуелсіз еліміздің білімді, жігерлі, парасатты, отансүйгіш азаматы болуға ант қабылдады.