Мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы / Об организации бесплатного горячего питания в школьной столовой » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(727) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(727) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы / Об организации бесплатного горячего питания в школьной столовой
05
январь
2022

Мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы / Об организации бесплатного горячего питания в школьной столовой

Алматинская область білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №9 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі


14.01.2022 ж.                              Бұйрық №2                            Байсерке ауылы

Мектеп асханасынан тегін 

ыстық тамақ ұйымдастыру туралы 


         Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 10-қосымшасының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2021-2022 оқу жылында мектеп асханасында оқушыларды ыстық тамақ ұйымдастырылсын.
  2. Білім беру мекемелерінде жалпыға бірдей міндетті білім беру қорынан бөлінген қаржыға жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған,көпбалалы отбасынан шыққан, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл көмекті талап ететін, әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан 260 (екі жүз алпыс) оқушының тізімі қосымшаға тіркеліп, қамтамсыз етілсін.
  3. Тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тізімі бекітілсін.
  4. «Мектептегі тегін және жеңілдетілген тамақтануды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетілген стандартын жүзеге асыруға жауапты директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.А.Сейдилдаеваға міндеттелсін.
  5. Оқушылардың дұрыс тамақтануы, мектеп асханасында тәртіптің сақталуы қатаң бақылауға алынсын.
  6. Асханада мектеп әкімшілігінен, мектеп мұғалімдерінен кезекшілік ұйымдастырылсын.
  7. Оқушылардың тамақтану кестесі құрылып, сынып жетекшілер мен оқушыларға таныстырылсын.
  8. Оқушылардың күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін қадағалау сынып жетекшілерге жүктелсін.
  9. Оқушылардың іс-құжаттары өз уақытында жинастырып, ауданға тапсыру әлеуметтік педагог А.А.Бақытбековаға міндеттелсін.
  10. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау оқу тәрбие ісінің орынбасары А.А.Сейдилдаеваға жүктелсін.


Мектеп директоры                                         Ж.М.Жунисова