Кеше оқу бітіріп, бүгінде ұстаздық қызметіне кіріскен жас мамандар білім беру үрдісінде белсенділік көрсетіп келеді. » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматинская область білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Приемная
+7(727) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(727) 43-50-93
Версия для
слабовидящих
» » Кеше оқу бітіріп, бүгінде ұстаздық қызметіне кіріскен жас мамандар білім беру үрдісінде белсенділік көрсетіп келеді.
04
май
2023

Кеше оқу бітіріп, бүгінде ұстаздық қызметіне кіріскен жас мамандар білім беру үрдісінде белсенділік көрсетіп келеді.

Кеше оқу бітіріп, бүгінде ұстаздық қызметіне кіріскен жас мамандар білім беру үрдісінде белсенділік көрсетіп келеді.
Ұстаздық шеберлігін шыңдап, қазіргі заман талаптарына сай жаңа бағдарламалар мен сабақтарға қойылатын талаптарды меңгеру мақсатында жас мамандар өз жұмысын жетілдіріп келеді. Осыған орай, 24 сәуір мен 5 мамыр аралығында мектебімізде «Ізден, талпын, жас маман» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өткізілді. 
Білім ордамызда жыл басынан бекітілген 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар 19 жас маман қызмет етеді. 
Онкүндіктің мақсаты — жас мұғалімдердің теориялық білім деңгейін практикада қолдану аясын саралау және ерекшеліктеріне назар аудару арқылы мұғалім беделінің жоғарылауына жол ашу.
Онкүндік барысында жас мамандар онкүндіктің жоспарларын жасап, сол бойынша іс-шаралар, әртүрлі интеллектуалдық ойындар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, коучингтер өткізілетін болады.