IV - тоқсан ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАДЫ. » №9ОРТА МЕКТЕП
Almaty region білім басқармасының
Ili districtбойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(727) 43-50-93
bookkeeping:
+7(727) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » IV - тоқсан ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАДЫ.
03
April
2020

IV - тоқсан ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАДЫ.

Төтенше жағдайға байланысты еліміздегі 3 млн оқушы бүгіннен бастап қашықтықан білім алуды бастады.
Төртінші тоқсанның бағдарламасы 4 тетік бойынша оқытылады. Телеарна, радио, пошта және интернет. Алайда, соңғысының жұмысында ақаулар шығып жатыр, деп хабарлайды Atameken Business. 

Интернеттің болмауы мен техникалық ақаудың салдарынан кейбір ата-ана балаларын дұрыс оқыта алMay отыр. Ата-аналардың айтуынша, биылғы жылғы төртінші тоқсанды тоқтатып, жағдай түзелгенде дәстүрлі білім беруді жалғастыру керек.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтан оқыту мен онлайн оқытудың айырмашылығына тоқтала отырып, дәстүрлі түсініктегі сабақ кестесінің болMayтынын мәлім етті. «Көпшілігіміз қашықтан оқыту мен онлайн оқытуды бірдей ұғым ретінде пайдаланып жүрміз. Бірақ қашықтан оқыту онлайн оқытуға тең емес ұғым. Қашықтан оқыту деген – почта, радио, теледидар, интернет арқылы білім беру. Интернеттің өзінде де онлайн оқу емес, қашықтан тиісті тапсырманы алып, орындауға, видео сабақтарды бірнеше мәрте қарауға мүмкіндік береді. Жалпы, баланың өзі икемделіп істейтін жұмысы. Сондықтан осы екі ұғымды бөлек тануымыз керек», – деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов. Мұғалімнің қашықтан берген сабағын ешкім тексермейтінін айта келе министр, сабақ кестесі болMayтынын да ескертті. «Біз үйренген дәстүрлі оқу кестесі де болMayды. Бала берілген тапсырманы өзіне ыңғайлы уақытта орындайды. Өйткені бізде онлайн жоқ. Ең бастысы, бізге нәтижесі керек. Нәтижесін жинақтық бақылауда өзіміз көріп отырамыз. Біз балаларымызға сеніп, қолдауымыз керек. Кейбір директорлар, ұстаздар балаларға «тиісті форманы киіп сабақ оқыңдар» дегендей әр түрлі талаптар қойып жатыр. Бұл мәселені біз қолдаMayмыз әрі олай жұмыс жүргізуге болMayды. Жалпы бүгінгі күні 167 мемлекет қашықтан білім беру жүйесіне көшті. 1 млрд бала қашықтан оқыту жүйесімен білім алып жатыр. Қандай қиындықтар болса да, осы жүйеге көшуге тура келеді. Бұл біздің білім саласы үшін үлкен сынақ, жұмысты тиісті деңгейде орындаймыз деп ойлаймын», – деп сөзін қорытындылады бас ұстаз.