«ЦИФРЛЫ ҒАЛАМ» жобасы » №9ОРТА МЕКТЕП
Almaty region білім басқармасының
Ili districtбойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(727) 43-50-93
bookkeeping:
+7(727) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » «ЦИФРЛЫ ҒАЛАМ» жобасы
15
March
2021

«ЦИФРЛЫ ҒАЛАМ» жобасы

Мектебімізде 2020-2021 оқу жылынан бастап креативті жас мамандардың ұйымдастыруымен 3 жоба бірнеше бағытта жұмыс жүргізуде. Солардың алғашқысы: «ЦИФРЛЫ ҒАЛАМ» жобасы. ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабылеттілік»  атты Жолдауында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жасаудың қажеттілігін айқындаған болатын. Осы негізде ел ішінде түрлі жұмыстар іске асырылуда. 
        Соның бірегейі мектебіміздің қабырғасында оқушылар – ұстаздар – ата-аналарға арналған - «Цифрлы мектеп», «электронды кітапхана»,  «Цифрлы 100 кітап» жұмыстары жүргізілуде.
Елімізде 2018 жылы Жастар жылы деген кезден бері, жастарды қолдау мен ынталандыру мақсатында түрлі жұмыстар жоспарлы атқарылып келген болатын. Осының жалғасы ретінде «МЕН ОҚЫҒАН БЕССЕЛЛЕР» жобасы ұйымдастырылды. Мектебіміздің жас мамандары өздерін қызықтырған және фейсбук талдауындағы жаңа кітаптардың толық мазмұны мен кемел ойларын талдап талқылап отыратын жоба биылғы оқу жылынан басталған болатын. 
         Әлемде және елімізде болып жатқан пандемияға байланысты оқушылар мен ұстаздардың тарихи танымын дамыту мақсатында                                        «ЭЙГЕНВЕЛЬТКЕ САЯХАТ»  жобасы жасалған болатын. Жоба негізінен мектеп оқушыларын тарихи жәдігерлер, ұлтымыздың құндылықтары мен археологиялық ескерткіштеріне тікелей саяхат жасау арқылы таныстыру болды. Жоба кезең кезеңімен жүзеге асырылып, жұмыстары жоспарлы жүргізіліп жатыр.