«Nur Otan» партиясы » №9ОРТА МЕКТЕП
Almaty region білім басқармасының
Ili districtбойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(727) 43-50-93
bookkeeping:
+7(727) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » «Nur Otan» партиясы
28
April
2021

«Nur Otan» партиясы

2021 жылғы 27 сәуір күні, сағат 12-00де Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, аудан әкімдігінін кіші мәжіліс залында онлайн түрде «Nur Otan» партиясы Іле аудандықфилиалының  XXVII-ші есеп беру –сайлау Конференциясы өтті. Белгіленген өкілеттік нормасына сәйкес «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының  XXVII-ші есеп беру –сайлау Конференциясы жұмысына  жергілікті бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 202 делегаттың 198 қатысты, 4 делегат  орынды себептермен қатыса алмады. Конференция жұмысына сонымен қатар,  «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының төрағасы,аудан әкімі Б.Ә.Қарасаев, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы Саяси кеңес мүшесі, Қапшағай қаласы ауданаралық әділет басқармасының басшысы Р.Ә.Қыстаубаева, Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары  А.Сатибаев қатысты. Vote нәтижесінде Конференция жұмысын жүргізу үшін  конференцияның жұмысшы органдары: Мандат комиссиясы, Санақ комиссиясы, Редакциялық комиссиясы, Конференцияның хатшылығы сайланды. Конференцияның   күн тәртібіндегі  мәселелер бойынша  қаулыларды  қабылдау үшін,  дауыс беру ережесіне сәйкес, ашық  түрде дауыс беру бекітілді. Конфенцияның күн тәртібіне орай, Конференция төрағасы Б.Қарасаев кіріспе сөз сөйлеп, «Nur Otan»партиясы Жарғысының 9.6 тармағына сәйкес есеп беру-сайлау конференциясында партия филиалының 2 жылда атқарған жұмыстарын тыңдау, Саяси кеңес мүшелерін сайлау мәселелері қарастырылуы қажет. Бүгінде барлық 13 бастауыш партия ұйымында есеп беру-сайлау жиналыстары өткізілді. Бүгін аудандық партия филиалының жұмыстарын саралап, сайланбалы органдарды анықтайтын боламыз – деді. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе  - Іле аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдардағы атқарған жұмысы және алдағы міндеттері туралы Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Қожабекұлы Сатибаев сөз сөйледі. Баяндаманы талқылау бойынша жарыссөзге шыққан  «Боралдай»бастауыш партия ұйымының төрағасы, кент әкімі Данияр Төлеуханұлы Қоңырбаев, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі  мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Сұлтан Данашұлы Жарқынбеков, «Іле аудандық жастар ресурсы орталығының» жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Айдар Рақымжанұлы Абдрахманов сөз сөйлеп,  Іле аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасбек Қожабекұлы Сатибаевтың есебін тыңдай келе,  2019-2020 жылы атқарылған жұмыстарға «қанағаттанарлық»деген баға берді. Мандат комиссиясының хабарламасы бойынша конференция делегаттарының өкілеттілігі бекітілді.Күн тәртібіндегі қаралған 1-ші мәселе Іле аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға беру жайлы қаулы қабылданды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе - Іле аудандық  партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша Іле аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының төрайымы Күнсая Бейсембайқызы Тлеуімбетова сөз сөйлеп, аудандық Саяси кеңес құрамымен таныстырды. Vote нәтижесінде Саяси Кеңесі құрамы  бекітілді. Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе - Алматы облыстық партия филиалының XXVIII есеп беру-сайлау конференциясы шақырылуына байланысты аудандық филиал атынан конференцияға облыстық партия филиалының квотасы бойынша 12 делегаттың тізімімен  «Денсаулық» бастауыш партия ұйымының төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Гүлмира Есқалиқызы Ақжолтаева таныстырып, тізім бойынша Алматы облыстық партия филиалының XXVIII-ші есеп беру-сайлау конференциясына Іле аудандық партия филиалынан ұсынылған 12 делегат  сайланды. Конференция соңынан   Іле аудандық партия ұйымы Саяси кеңесінің бірінші ашық отырысы өткізілді. Онда  ұйымдық мәселе қаралды. «Nur Otan» партиясы Жарғысының  9.4.  тармағына сәйкес, Іле аудандық  партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының жаңа құрамын сайлауы жайлы айтылды.  Іле аудандық партия филиалы Саяси кеңесі Бюросының 9 адамнан тұратын құрамы бірауыздан  сайланды.