ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ » №9ОРТА МЕКТЕП
Almaty region білім басқармасының
Ili districtбойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Reception room :
+7(727) 43-50-93
bookkeeping:
+7(727) 43-50-93
Version for
visually impaired
» » ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ
10
февраль
2022

ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ

ҮЗДІК ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ АНЫҚТАЛДЫ!!! 
  Ұстаз мәртебесін арттыру, талантты педагогтарды қолдау және кәсіби педагогикалық тәжірибенің үздік үлгілерін көрсету мақсатында өткізілген сайысқа биыл 12 пән мұғалімі қатысуға ниет білдіріп, олар 5 кезеңнен тұратын сайыста  бақ сынасты. 
 ✓ Сайыстың алғашқы кезеңінде үміткерлердің өткізген қазақ тілі, ағылшын тілі, тарих, музыка, физика және биология, математика пәндері бойынша ашық сабақтары бағаланды.
 ✓ Екінші кезең бойынша қатысушылар өзінің педагог ретінде жеке тұлғасын түрлі форматта ашып,өзіндік кәсіби беделін, оқыту тұжырымдамасын көрсете  білді.
 ✓Байқау аясында «Менің педагогикалық кредом» кезеңінде ұстаным, мақсат-мұраттарын, алға қойған жоспарларымен бөлісті. 
 ✓Төртінші кезеңде кәсіби жетістіктерін көрсететін мұғалім портфолиоларымен бағаланды. 
 ✓Ал бесінші кезеңге келетін болсақ, мұғалімдеріміз өздеріңің қолымен жасалынған қол өнерлерімен көрермендерді таң қалдырды. 
Сайыс қызықты, тартысты өтті. 
Байқау қорытындысына сәйкес: 
ІІІ орын бастауыш сынып мұғалімі К.В Зайкина
ІІІ орын өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі К.Т Калдибекова
ІІ орын тарих пәнінің мұғалімі Ш.Т Камелова
ІІ орын музыка пәнінің мұғалімі З.Е Исакова
І ОРЫН қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Б Султамуратова
І ОРЫН география пәнінің мұғалімі Н.Е Шукешова
Мектепішілік сайыста оза шапқан орыс тілі пәнінің мұғалім А.Б Кенжебаева "Best жыл мұғалімі 2022"  номинациясына лайықты деп танылды. 
  Айта кетейік, байқау жеңімпаздары аудандық сайыста мектептің намысын қорғамақ.