№9 орта мектебіміздің 1461 оқушысы әртүрлі бағыт бойынша қашықтықтан оқуды бастады. » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №9 орта мектебіміздің 1461 оқушысы әртүрлі бағыт бойынша қашықтықтан оқуды бастады.
06
апрель
2020

№9 орта мектебіміздің 1461 оқушысы әртүрлі бағыт бойынша қашықтықтан оқуды бастады.

«Бүгін еліміздегі оқушылар үшін төртінші тоқсан басталды. Бұл тоқсан біз үшін ерекше, себебі қашықтықтан оқыту бойынша алғаш рет жұмысты бастап отырмыз. Қысқа мерзім ішінде дайындық жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Білім саласы үшін, бәріміз үшін бұл үлкен емтихан, сонымен қатар үлкен мүмкіндік. Осы тәжірибеден кейін білім саласы өзгеретіні айдан анық. Қысқа мерзім ішінде әріптестеріміз жаңа құзіреттілік алып, қашықтықтан оқыту форматына өте жылдам бейімделді. Сондай-ақ, бүгінгі бірінші күннің негізгі нәтижесіне тоқталып өтті. «Оңай болмаса да, қашықтықтан оқу форматына көштік. Біріншіден, №9 орта мектебіміздің 1459 оқушы әртүрлі бағыт бойынша қашықтықтан оқуды бастады. Кейбірі арнайы дайындалған интернет бағдарламасы негізінде оқуын бастаса, басқалары телеарна арқылы оқуды бастады. Интернет жүйесі арқылы бірнеше интернет платформа арқылы жұмыс жүргізіп отырмыз. Оның ішінде бәріміз үйреніп қалған Күнделік, Дарын-онлайн және тағы да басқа платформалар бар. Дарын-онлайн қосымшасын тіркеліп, дайындалған видеоны қарап, білім алудамыз. Видео сабақтар біткеннен кейін нақты сол пән бойынша берілетін сұрақтарға  WhatsApp желісі арқылы мұғалімдерге жауап беріп отырмыз. Жауап қате болса видеоны қайтадан қарап, қателіктермен жұмыс істеуге мүмкіндіктер қарастырылған, және оқушыларымыз керібайланыс жасап отыр.