Еліміздегі барлық мектептерінде бір уақытта "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту" тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы және сынып сағаттар өтті » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Еліміздегі барлық мектептерінде бір уақытта "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту" тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы және сынып сағаттар өтті
23
август
2020

Еліміздегі барлық мектептерінде бір уақытта "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту" тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы және сынып сағаттар өтті

Еліміздегі барлық мектептерінде бір уақытта "Жаңа оқу жылында балаларды оқыту" тақырыбында жалпы республикалық ата-аналар жиналысы және сынып сағаттар өтті. Байсерке ауылы №9орта мектеп  білім ордасында өткен жиналысқа мектеп ата-аналары ZOOM платформасы арқылы белсенді түрде қатысты. 
Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020-2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.   
Мектеп директоры Жунисова Ж.М жаңа оқу жылындағы оқу фоматтарына тоқталып, оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптар және оқу жылындағы ерекшеліктерді атап өтті. 
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жетеуова Г.С баланың оқу режимі және демалысы, интернеттегі балалар жұмысын ата-ана тарапынан бақылауында ережелерімен таныстырып өтті 
"Бүгінгі таңда әлемдегі жағдайдың өзгеруіне байланысты балалар мен ата-аналардың көзқарастары да өзгерді. Сондықтан мектеп алдына қойылатын талаптар да өзгертілуі тиіс. Бұрынғыдай дәстүрлі оқытудағы тәрбие процесі қазіргі жағдайға байланысты интернеттегі балалардың жұмысың ата-аналардың бірлесе әрекет етіп, қадағалап отырғаны тиімді. Баланың алғашқы тәрбиешісі ата-анасы екені анық. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың жаңаша бағыттарын қарастырып, дұрыс тәрбие берілуіне мектеп, ата-ана, ұстаз болып ықпал ете білу маңызды екендігіне мектеп психологы Қплдибекова Қ ерекше тоқталды.
Отбасы – тәрбие көзі, мектеп оны шыңдаушы. «Тәрбиесіз берілген білім – тұл» деп ұлы ғұлама Әл-Фараби атап көрсеткендей, білімді ұрпақ тәрбиелеудің ата-ана мен мектептің тығыз байланысында өтуі биік нәтижеге жеткізеді. Бүгін 19 тамыз күні Байсерке ауылы #9орта мектебінде ZOOM бағдарламасы арқылы педагогикалық кеңес өткізіліп, күн тәртібінде 
 жаңа оқу жылындағы оқу форматтары;
 оқытудың штаттық режимінде санитарлық талаптарды сақтау;
 1-4 кезекші сыныптардың жұмыс режимі және жұмыс істеу қағидалары;
 қашықтықтан оқыту: мұғалімнің жұмыс орны және ережелер;
 техникалық дайындық және жұмыс орны;
 қашықтықтан өткізетін сабақты әзірлеу алгоритмі;
 педагог имиджі мен этикетін сақтау;
 мектепке қашықтан оқытуда пайдаланатын білім беру интернет платформасымен танысу;
 жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау ерекшеліктері;
 баланы өз бетінше жұмыс істеуге және оқуға қалай ынталандыру керек? төңірегіндегі мәселелер қаралды.  
Педагогикалық кеңесте мектеп директоры Жунисова Ж.М сөз алып, ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылы бойынша ҰБТ қорытындысы, мемлекеттік оқу грантының нәтижесі және 2020-2021 оқу жылының өзіндік ерекшеліктері, атап айтқанда, қашықтықтан оқыту барысында сабақтардың синхронды және асинхронды форматта білім беру платформаларын қолдана отырып өткізілуі, кезекші сынып жұмысын ұйымдастырылуы және санитарлық талаптардың орындалуы, 11-сынып оқушыларының  жаңартылған білім беру бағдарламасына көшуі, оқу жетістіктерін формативті бағалау жүйесі,  мұғалімдердің кәсіби имиджі мен этикетінің сақталуы, «Мектепке жол» акциясы аясында атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстарға тоқталып өтті. 
Қортындысында, қаралған мәселелерге байланысты мұғалімдер тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға нақты жауап берілді. Білім сапасын, мұғалім мәртебесін көтеруге бағытталған  жаңа оқу жылының ерекшеліктері мұғалімдерге серпіліс бергендей болды. Мектеп басшысы әріптестерге жылы лебізін жолдап, сәттілік тіледі.