03
февраль
2021
Тәуелсіздік бәрінен қымбат!
Байсерке ауылы, №9 орта мектебінде әуен залында Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат!" мақаласының қоғам мен құндылық бағыты бойынша ұстаздар арасында семинар ұйымдастырылды. Семинар барысында Ел Президентінің "Егемендігіміздің мәңгілік тарихы - Алтайдан Атырауға, Алатаудан Арқаға дейін кең көсілген байтақ жеріміз, ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған қастерлі тііліміз және барлық қиындықтан халқымызды сүріндірмей алып келе жатқан береке - бірлігімізді көздің қарашығындай сақтау баршамыздың қасиетті парызымыз" - дегені өскелең ұрпақтың санасына сіңіріп, ең бастысы - Тәуелсіздігімізді сақтау, оны нығайту және "Тәуелсіздік бәрінен қымбат!" деген бір ауыз сөзі мәңгілік ұранымыз болуға тиіс екені кеңінен танытылды.

