
"№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 5 қараша күні "Ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттыру жолдары" деген тақырыпта аудандық семинар болып өтті.
Мақсаты: Отбасының құндылығын арттыру, толассыз білім беруді дамытып отыру. Бала тәрбиесіндегі шешуші фактор болатын ата-ананың мәдениетін дұрыс қалыптасуына ықпал ететін жұмыс түрлеріне араластыру.
Күтілетін нәтижесі:

Ата-аналардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуына жол ашылады

Отбасының негізгі капиталы, баланың оқу-тәрбие жұмысын жандандыру ата-ананың тарапынан көрініс табады.

Ата-ананың жауапкершілігі ұстаздар тарапынан жүргізілген жұмыстар арқылы көрініс беріп, отбасы ынтымағының мәдени жасампаздығы көрінеді.


