11
январь
2022
Күшіміз - бірлікте!
Күшіміз - бірлікте!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан халқына жыл басында болып жатқан келеңсіз жағдайға байланысты Үндеуін жариялады.
Мемлекет басшысы, экономика, әлеуметтік, саяси салаларға қатысты алдағы басымдықтарды айқындап берді. Прeзидeнтіміз экономикалық өсімді қалпына келтіру, білім саласындағы нақты тапсырмаларды, кадр тапшылығын жою, халықтың әл-ауқатын арттыру, құқық қорғау жүйесін әрі қарай жаңғырту, саяси реформаларды жалғастыру мәселелеріне жан-жақты тоқталып, Парламент пен Үкіметтің алдына нақты міндеттер қойды. Үндеуде айтылған тапсырмаларды заңнамалық тұрғыдан уақытылы әрі сапалы қамтамасыз ету жайлы, яғни, қоғамдағы өзекті мәселелерді жан-жақты қамтыды және соңғы уақытта болған қайғылы оқиғалар ұйымдасқан елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасып, полиция, ұлттық ұлан және армиямыздың күшімен Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіп орнату мақсатында ауқымды әрі күрделі жұмыс атқарылып жатқанын, демократия мен адам құқығы мәселелерінің жаңа қырынынан бетпердесін аштықандығын айта келе, терористердің келтірген залалдарына тоқталды.
Сонымен қатар сөз соңында осындай қиын қыстау кезеңде бірлік танытқан қазақстандықтарға шынайы алғыс білдірді. Халықты бірлікке шақырып, саналы түрде қазақ халқының өркендеуіне күш салу керектігін баса жеткізді. №9 орта мектеп ұжымы, Президентіміздің шешімдерін қолдай отырып, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық тілейміз. Ерегіскен ереуілде емес, басымыз тек қуынышта жиылғай!
Егемен ел ретінде қуатты мемлекетке айналатынымызға сенеміз!