Іле ауданы, №9 орта мектебін де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Іле ауданы, №9 орта мектебін де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті
02
сентябрь
2022

Іле ауданы, №9 орта мектебін де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті

Іле ауданы, №9 орта мектебін де сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты мереке өтті.
Жаңа оқу жылы қарсаңында мектебімізге 243 бірінші сынып оқушылары келді.  Биылғы оқушылардың жалпы саны 1800-ді құрайды. 
Былтырғы оқу жылы мектебіміз үшін табысты жыл болды. ҰБТ-ның нәтижесі бойынша 11 сынып бітірген түлектердің арасында 12 бала «Алтын белгіге» үміткер болса, олардың барлығы үмітімізді ақтап, «Алтын белгіні» иемденді. Бәрі де мемлекеттік грант бойынша ЖОО оқу орындарына оқуға қабылданды. 12 түлек еліміздің алдыңғы қатарлы университтердің студенті атанды.
Мектеп директоры Ж. М Жунисова және де салтанатты жиынымызға келген құрметті меймандар мен ұстаздар құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға табыс тіледі.
Мектепке алғашқы қадам жасаған оқушыларымыз  өз өлеңдерін оқыды. Көңілді әсем әндер де орындалып, көрермен көңілін жаулай алды. 
Салтанатты жиын соңында дәстүрге сай алғашқы қоңырау соғылды. Одан соң  1 сынып оқушылары сыныптарына аттанып, «Терең білім, еңбекқорлық және
отаншылдық қасиет»
 тақырыбындағы тәрбие сағатына қатысты.