2022 жылғы 18 мамыр күні мектебімізде үздік мектеп оқушыларын «Жас- Қыран» қатарына қабылдау рәсімі өтті » №9ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы білім басқармасының
Іле ауданы бойынша білім бөлімі
Мемлекеттік мекемесінің "№9 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(727) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылғы 18 мамыр күні мектебімізде үздік мектеп оқушыларын «Жас- Қыран» қатарына қабылдау рәсімі өтті
19
май
2022

2022 жылғы 18 мамыр күні мектебімізде үздік мектеп оқушыларын «Жас- Қыран» қатарына қабылдау рәсімі өтті

2022 жылғы 18 мамыр күні мектебімізде  үздік мектеп оқушыларын «Жас- Қыран» қатарына  қабылдау рәсімі өтті. «Жас Ұлан» бірыңғай жастар ұйымы жас ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарға, гуманизм, толеранттылық, отанға деген сүйіспеншілік пен адалдық қағидалары негізінде қазақстандық патриотизм рухында қалыптастырады.
«Жас Қыран» және «Жас Ұлан» республикалық балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қатарына әрдайым жаңа мүшелер қабылданып отырады.«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымы болашақ ұлт элитасын, жаңа формациядағы жас қазақстандықтарды қалыптастыруға бағытталған. 
Мектебіміздің директоры Жунисова Жаксыгул Мелисовна оқушыларымызды құттықтай отырып, оқушыларға "Жас қыран" эмблемасын салтанатты түрде тақты.